СІМ: Қазақстандық режиссердің Иранда түсірілім жасауға рұқсаты болмаған

0
1 354

Ирандағы демалыс күндеріне қарамастан Бас консулдықтың түсірілім тобының қайда екенін анықтау үшін жергілікті билікпен байланыс орнатуға тырысып жатқаны айтылады. Бас консулдық осы мәселе бойынша Иранның Сыртқы істер министрлігіне арнайы нота жолдаған.


СІМ: Қазақстандық режиссердің Иранда түсірілім жасауға рұқсаты болмаған

ERNUR.KZ. Тұрар Қазанғапов Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иранда деректі кино түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Биылғы 16 маусымда Қазақстанның Горган қаласындағы Бас консулдығы үш адамнан тұратын қазақстандық түсірілім тобымен кездесуі кезінде Иранда түсірілім жасауға арнаулы визасының болмағанын анықтап, жергілікті биліктен осы құжатты алуды кеңес етті. Бас консулдықтың мәліметінше, түсірілім тобы Қазақстанға ұшу үшін Тегеранға аттанғаны анықталды. Қанат Бейсекеев түсірілім жасауға арнайы рұқсатты алуда консулдық мекемесінің қолғабыс етуінен уақытының тапшылығына байланысты бас тартты. Алайда 20 маусымда түсірілім тобы Горган қаласына оралып, түсірілімін жалғастырған, мұнда жергілікті көші-қон органдары түсірілімге рұқсатының болмауына байланысты олардан Тегеранға оралуын сұраған", - делінген ведомство хабарламасында.

Ирандағы демалыс күндеріне қарамастан Бас консулдықтың түсірілім тобының қайда екенін анықтау үшін жергілікті билікпен байланыс орнатуға тырысып жатқаны айтылады. Бас консулдық осы мәселе бойынша Иранның Сыртқы істер министрлігіне арнайы нота жолдаған.

Еске салайық мұның алдында PR-маман Әлішер Елікбаев Иранда деректі кино түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеевтің ұсталғанын хабарлаған еді.