Сирия президенті Башар Асад және оның отбасы Ресейден пана тапқаны туралы ақпарат тарады

0
186

8 желтоқтанда Асадтың президент қызметінен кеткені және Сириядан шыққаны туралы алғашқы ресми мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрлігі жариялады.


Сирия президенті Башар Асад және оның отбасы Ресейден пана тапқаны туралы ақпарат тарады

Фото hassan_siala_official/Instagram

ERNUR.KZ. Ресей мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, Асад Мәскеуге ұшып келді, ал Ресей оларға баспана берген. Бұған дейін Асадтың қайда екені туралы нақты ақпарат айтылмаған еді. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары оның ұшағы апатқа ұшырауы мүмкін деген мәлімет таратқан, деп жазады stan.kz.

8 желтоқтанда Асадтың президент қызметінен кеткені және Сириядан шыққаны туралы алғашқы ресми мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрлігі жариялады. Алайда сол кезде Ресейдің сыртқы істер министрлігі Асадтың қай жерде екені туралы ешқандай мәлімет бермеген. Кейінірек ресейлік БАҚ Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей Асадқа және оның жақындарына "гуманитарлық мақсаттарды ескере отырып" баспана бергенін хабарлады.

Сирияның бұрынғы президенті Асадты соңғы рет бір апта бұрын Дамаскіде Иран сыртқы істер министрімен кездескен кезде көрген. Сол күні ол көтерілісшілерді "жеңуге" ант берген еді. Алайда содырлар Сирия аумақтарын тез басып алып жатты. 8 желтоқсанда таңертең көтерілісшілер қарсылықсыз Дамаскіге кіргеннен кейін, "Хайят Тахрир аш-Шам" тобы (Ресейде террористік ұйым деп танылған және тыйым салынған) және оның одақтастары "тиран Башар Асад қашып кетті" деп мәлімдеді.

Бұдан кейін Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтарын бақылау кеңесінің (SOHR) басшысы Рами Абдул Рахман ұшақтағы Асад болуы мүмкін екенін айтады. Бақылау қызметі ұшақтың "Дамаск халықаралық әуежайынан, әскерилер қауіпсіздік нысанын тастамас бұрын ұшып кеткенін" мәлімдеді.

Осы уақытта Reuters ақпарат агенттігі сириялық армияның аты-жөнін атамаған екі аға офицеріне сілтеме жасап, жексенбі күні таңертең Асадтың Дамаск әуежайынан Syrian Air әуе компаниясының ұшағына мінгенін хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Ил-76Т жүк ұшағы Syrian Air әуекомпаниясы Дамаск әуежайынан жергілікті уақытпен 03:59-да ұшқан, бірақ ұшу жоспары бойынша тағайындалған орын көрсетілмеген.

Flightradar24 дерегіне сенсек, ұшақ алдымен астанадан шығысқа бағытталған, кейін күтпеген жерден солтүстік-батысқа бұрылып, Жерорта теңізінің жағалауына қарай ұшқан. Онда Ресейдің әскери-теңіз және әскери-әуе базалары орналасқан.

Мониторингтік сайттың деректерінше, ұшақ Хомс қаласының үстінен 6000 метр биіктікте ұшып өткенде, көтерілісшілер сенбі күні кешке басып алған бұл қала үстінен өтіп, ұшақ қайтадан шығысқа бағытталып, биіктігін жоғалта бастаған. Ұшақтың транспондерінің сигналы 04:39 (GMT 02:39) шамасында, Хомстан 13 шақырым батысқа қарай, шамамен 500 метр биіктікте жоғалып кеткен.

Бұл аймақта әуе апаты туралы ешқандай хабарламалар түспеген. Алайда жексенбі күні таңертең екі сириялық дереккөз Reuters агенттігіне ұшақтың күтпеген жерден бұрылып кеткенін хабарлайды. Радардан жоғалып кетуінің себебі белгісіз болғандықтан "Асадтың ұшақ апатында қайтыс болуы өте жоғары ықтималдылыққа ие" деп мәлімдеді.

Ресейлік мемлекеттік агенттіктер Асадтың Мәскеуге келуі туралы мәлімдегеннен кейін бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтыны анықталды.

Flightradar сайтында ұшақтың бірнеше сағат бұрын Сириядан ұшып шығып, транспондерін өшіріп, Ресейге бағыт алғаны туралы мәліметтер пайда болды. Ұшақ Ресейдің Хмеймим әскери базасынан немесе Латакия әуежайынан ұшқан болуы мүмкін. Транспондер Мәскеуге жақын маңда уақытша қосылып, қону алдында қайтадан өшірілген.
Украина Қорғаныс министрлігінің Барлау бас басқармасы (ГУР) Ресей Ил-76Т ұшағының радардан жоғалуын

"Сирия басшысын және оған жақын адамдарды құтқару операциясын жасыру үшін мақсатты түрде таратылған дезинформация" ретінде қолданғанын мәлімдеді.

"Асадтың ұшағының радардан жоғалуы, бәлкім, экипаждың Ресейдің нұсқауларын орындап, олардың басшылығымен ұшуын білдіреді", – делінген бас барлау басқармасының мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.