Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен арадағы жарылған жолдарда ғимараттар салуда

0
97

15 қазанда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға апаратын батыс пен шығыстағы екі тас жолдың учаскелерін жарып жіберді.


Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен арадағы жарылған жолдарда ғимараттар салуда

Фото: Yonhap

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея шығыс корейаралық Донхэ жолында белгісіз құрылыстар салып жатыр, деп жазады inform.kz.

Оңтүстік Кореяның шекаралық бақылау шенеуніктерінің мәліметінше, белгісіз құрылыс шекарадағы бетон бөгеттер үшін негіз болуы мүмкін.

Yonhap ақпаратына сәйкес, Кенги жолында мұндай құрылыстар салу белгілері әзірге анықталған жоқ.

Еске сала кетсек, 15 қазанда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға апаратын батыс пен шығыстағы екі тас жолдың учаскелерін жарып жіберді.

9 қазанда Солтүстік Корея республиканы Оңтүстік Кореямен байланыстыратын барлық автомобильдер мен темір жолдарды толығымен жауып тастайтынын жазған едік.

Еске сала кетсек, Солтүстік Корея тағы да Оңтүстік Кореяға қоқыс толтырылған шарларды ұшырды.