FCC төрағасы Брендан Карр бұл рұқсат есептеу инфрақұрылымы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Фото: cointelegraph.com
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Байланыс жөніндегі федерал комиссиясы (FCC) SpaceX компаниясына орбитадағы дерек орталықтары желісін құру үшін 1 миллионға дейін жерсерік ұшыруға рұқсат етті, деп жазады inform.kz.
FCC төрағасы Брендан Карр бұл рұқсат есептеу инфрақұрылымы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, себебі SpaceX секілді компаниялар дерек өңдеу қуаттарын Жерден тысқа орналастыруға әрекет ете бастады. Ведомство қосымша орбитаға дерек орталықтарын салу бойынша тың ұсыныстарды қарастыратынын мәлімдеді.
FCC басшысы Starmind жерсеріктері қашан орналастырылатынын немесе оған қанша қаражат жұмсалатынын ашып айтпады.
АҚШ-та ЖИ-ге қажет дерек орталықтарын салуға қарсы жұртшылық наразылығы артып келеді. FCC-дің орбитаға миллион жерсерік ұшыруға рұқсат етуі осы наразылықпен тұспа-тұс келіп отыр.
Амхерстегі Массачусетс университеті сайлау алдында қыркүйек айында жүргізген сауалнамада америкалықтардың 65%-ы өздері тұратын елді мекенде ЖИ дерек орталықтарын салуға қарсы екенін білдірген, бұл идеяны тұрғындардың тек 11%-ы ғана қолдайды. Екі партия өкілдері қарсы болып отыр, әсіресе демократтардың 76%-ы дерек орталығын салғызбайтынын айтса, республикашылдардың 52%-ы тонын теріс киіп отыр.


