Спутник үлкен мұз кратердің суретін жариялады

0
1 841

Кратердің тереңдігі - 1,8 шақырым, диаметрі - 60 шақырым.


Спутник үлкен мұз кратердің суретін жариялады

ERNUR.KZ. Еуропаның ғарыш агенттігі Марстағы мұз толған кратердің суретін жариялады, - деп жазады тengrinews.

"Суретте үлкен дақ немесе қар тұрған сияқты. Алайда бұл олай емес, суретте Марстағы Королевтің кратері бейнеленген", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Кратерге белгілі зымыран құрастырушы Сергей Королевтің есімі берілген. Кратердің тереңдігі - 1,8 шақырым, диаметрі - 60 шақырым. Кратердегі ауа төмен түсіп, мұздың еруіне жол бермейді екен. Бұл сурет Mars Express спутнигінің көмегімен түсірілген. Ол спутник 2003 жылы 3 маусымда ұшырылып, Марсқа алты айдан соң жеткен еді.