Қосымшаның анықтау дәлдігі – 80%.
ERNUR.KZ. Канаданың МакГилл университетінің программистері тағамының әрбір калориясын есептейтіндерге арналған мобильдік қосымшаны таныстырды, деп жазады baq.kz.
Аталмыш қосымша тағамның фотосын түсіргеннен кейін, оның құрамындағы азық-түлікті анықтауға кіріседі. Артынша ингредиенттердің тізімін, олардың мөлшерін, тағамдық құнарлылығын, бұдан бөлек тағамдағы май, ақуыз, көмірсу, тұз, холестерин мөлшерін, тіпті кейбір дәруменді де анықтап беретін көрінеді.
Қосымшаның анықтау дәлдігі – 80%.
Қосымшаның сипаттамасы arXiv порталында толығырақ сипатталған.
Бұған дейін канадалық инженерлер селфи арқылы артериалық қысымды өлшеп беретін мобильдік қосымшаны ойлап тапқаны хабарланған болатын.