Сынықты қалпына келтіру үшін 351 тонна құрылыс гипсін пайдаланған дәрігерлердің ісі әшкере болды

0
961

Медициналық тұрғыда сыныққа құрылыс гипсін пайдалану адам организмі үшін зиян.


Сынықты қалпына келтіру үшін 351 тонна құрылыс гипсін пайдаланған дәрігерлердің ісі әшкере болды

ERNUR.KZ. Сынықты қалпына келтіру үшін Өзбекстан дәрігерлері екі жыл бойы құрылыс гипсін қолданған. Яғни, олар екі жылдың ішінде 277 мың рет 351 тонна құрылыс гипсін пайдаланған, деп жазады Skifnews.kz.

Мысалы, дәрігерлер Ферғанада 30 тонна, Бұқарада 35, Наманғанда 36, Қашқадария облысында 38, Самарқанда 43 және Ташкентте 48 тонна құрылыс гипсін қолданған. Бұл деректер жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысында айтылды.

Медициналық тұрғыда сыныққа құрылыс гипсін пайдалану адам организмі үшін зиян. Ол түрлі аллергиялық жағдайларға әкелуі мүмкін.

"Дәрігерлер неліктен құрылыс гипсін пайдаланды?", - деген сұраққа шенеуніктер: "Өзбекстан медициналық гипс өндірмейді", - деп жауап беріпті.