Адамдарға шекаралас аудандарға бармауға кеңес берілді.
Фото: видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. 25 шілде күні таңертең Таиланд-Камбоджа шекарасы маңында артиллериялық дыбыстар тағы да естілді. Бұл туралы Таиландтың Ұлттық хабар тарату қызметі хабарлады, деп жазды inform.kz.
Адамдарға шекаралас аудандарға бармауға кеңес берілді.
- Бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 21:00-дегі жағдай бойынша Камбоджамен шекара маңындағы әскери қақтығыста 14 тай азаматы қаза тауып, 46-сы жарақат алды, - деп хабарлады Таиланд Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің орынбасары.
Бұған дейін Камбоджа Таиландпен шекарадағы қақтығысқа байланысты БҰҰ отырысын өткізуге шақырды.
Еске сала кетсек, 23 шілдеде шекаралық аймақта мина жарылып, Таиланд сарбаздары зардап шекті. Камбоджа тарапы Таиландтың айыптауын жоққа шығарды.
Бейсенбі күні Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстың шиеленісуі жағдайында оқ алмасып, салдарынан 9 бейбіт тұрғын қаза тауып, 14 адам жарақат алды.