Билік бірқатар ресми шараларды кейінге қалдырды.
ERNUR.KZ. Таиланд үкіметі король Маха Вачиралонгкорнның (Рама Х) үлкен қызы, ханшайым Пхатчара Киттияпханың қайтыс болуына байланысты елде 15 күндік аза тұту жариялады, деп жазады baq.kz.
Oxu.Azбасылымының Таиланд Министрлер кабинеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, корольдің үлкен қызы ханшайым Пхатчара Киттияпха Бангкоктағы Король Чулалонгкорн атындағы мемориалдық ауруханада көз жұмған.
“ 2026 жылғы 12 маусымнан бастап барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары туларын төмен түсіруі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері де 2026 жылғы 12 маусымнан бастап 15 күн бойы аза тұту тәртібін сақтауы қажет “, – делінген хабарламада.
Корольдік сарай бюросы мамыр айында дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, өмірлік маңызды ағзалардың жұмысына әсер еткен бақыланбайтын инфекция салдарынан ханшайымның жағдайы нашарлағанын хабарлаған болатын.
“ Медицина қызметкерлерінің мұқият әрі жан-жақты күтіміне қарамастан, оның жағдайы біртіндеп нашарлады. 2026 жылғы 11 маусым, бейсенбі күні сағат 19:48-де ол Таиланд Қызыл Крест қоғамына қарасты Король Чулалонгкорн атындағы мемориалдық ауруханада 47 жасында дүниеден өтті “, – делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ хабарламада ханшайымның 2022 жылғы 15 желтоқсаннан бері жүрек дертіне байланысты ес-түссіз күйде ауруханада жатқандығы айтылған.
Ханшайым Пхатчара Киттияпха 2022 жылдың желтоқсан айында Накхонратчасима провинциясындағы жаттығу кезінде есінен танып қалып, ауруханаға жеткізілген болатын.


