Тәліптер Ауғанстан қаласының басты алаңына мәйіттерді асып қойған

0
804

Кінәлі деп танылған төрт ер адам көпшілік алдында дарға асылған.


Тәліптер Ауғанстан қаласының басты алаңына мәйіттерді асып қойған

ERNUR.KZ. Ауғанстанда билікті басып алған Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) адам денелерін Герат қаласының басты алаңына іліп қойған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Куәгердің айтуынша, тәліптер орталық алаңда төрт мәйітті іліп, тағы үшеуін қаланың басқа жерлеріне іліп қою үшін алып кеткен. Герат аудандық полиция бөлімінің бастығы Зияулхак Джалали мәйіттердің адам ұрлағандарға тиесілі екенін айтты», - деп жазады Associated Press басылымы.

Бұған дейін хабарланғандай, тәліптер елдің солтүстік -батысындағы Герат провинциясының төрт тұрғынын өлтірген. Оларға адам ұрлады деген айып тағылған.

Кінәлі деп танылған төрт ер адам көпшілік алдында дарға асылған. Бұған дейін елде өлім жазасын қалпына келтірілетінін мәлімдеген Талибан билігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ,

Айта кетсек, Ауғанстанда көпшілік алдында кінәлінің қол-аяғын кесу, дарға асу сияқты жазалар 1996-2001 жылдары кеңінен қолданылған болатын. Ондай жазалар туралы шешімді радикалдар құрған арнайы трибуналдар қабылдап, олардың құрамына үш шариғат судьясы кірген. Талибандар сол жаза тәсілдерін тәжірибеге қайта енгізбек.