Ол енді 14 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөз
ERNUR.KZ. Бангладеште полиция әйелінің шашын тақырлап алып тастаған ер адамды тұтқындады, деп жазады ktk.kz.
35 жастағы азамат 23 жастағы келіншегінің шашын алып тастаған. Оған таңғы астан шаштың шығуы себеп болыпты.
Тамақтан шаш шыққанына ашуланған азамат лезвиені алып, әйелінің шашын күшпен алып тастаған. Күдіктіге ауыр дене жарақатын қасақана салу бойынша айып тағылған. Ол енді 14 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.