Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы (ӨМДБ) қызметкерінің сөзінше, Шермурод Тогай әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін қызметінен алынған. Себебі оның жазбалары өз ортасындағы жамағатты екіге бөлуге себеп болған.
Ташкенттегі "Тинчлик" ("Бейбітшілік") мешітінің имам-хатибы болған, әлеуметтік желілерде шулы жазбаларымен танымал Шермурод Тогай қызметінен алынды, деп хабардайды centralasian.org.
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы (ӨМДБ) қызметкерінің сөзінше, Шермурод Тогай әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін қызметінен алынған. Себебі оның жазбалары өз ортасындағы жамағатты екіге бөлуге себеп болған.
"Тинчлик" мешітінің имам-хатибы болып Саидбакир Довудов тағайындалған.
Наурыз айында имам Шермурод Тогай Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында жемқорлық жайлаған деп мәлімдеді.
Ал 2 наурызда жұма намаз кезіндегі уағызда ол Өзбекстан үкіметі жанындағы дін істері комитеті қызметін сынға алып, имамдарды мешіттерде "Сәлафизм"ағымы бойынша уағыз айтуға мәжбүрлеп жатыр деген. Сол кезде Шермурод Тогай ӨМДБ төрағасы қызметінен кету керек деген.