Ташкентке жақын маңда жер сілкінді

0
418

2 балдық жер асты дүмпулері Нурафшанда және оған жақын маңдағы аудандарда сезілді.


Ташкентке жақын маңда жер сілкінді

ERNUR.KZ. 19 қазанда жергілікті сағат 01:32-де Өзбекстанда 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп жазады Kazinform.

Сейсмологиялық мониторинг республикалық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Ташкент облысындағы Уртачирчик ауданында болған.

Ташкент қаласынан 30 шақырым, ал Нурафшаннан 4 шақырым қашықтықта орналасқан эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы - 3,6. Ошақтың тереңдігі - 10 шақырым.

2 балдық жер асты дүмпулері Нурафшанда және оған жақын маңдағы аудандарда сезілді.