Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар

0
473

Шахарда 1868, 1886, және 1966 жылдары алапат жер сілкінісі тіркелген.


Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар

ERNUR.KZ. Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар. Бұл туралы елдегі ғылым академиясының өкілдері хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Осы ретте қаланың инженерлік-геологиялық жағдайы, биік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылымдық типі, сейсмикалық тұрғыда қаншалықты қауіпсіз екенін анықтау жұмыстары қолға алынбақ.

Заманауи IT технологиялар негізінде ықтималдығы жоғары 7, 8 және 9 баллдық зілзаладан келетін экономикалық шығындарды бағалау моделі әзірленеді.

Айта кетсек, шахарда 1868, 1886, және 1966 жылдары алапат жер сілкінісі тіркелген.

Соңғы рет 1980 жылы магнитудасы 5,5 балдық тербеліс болды.

"Зерттеу нәтижесінде жердің және ғимараттардың құрылымдық тербеліс қасиеттері анықталады. Математикалық модельдеу негізінде зілзала ошағы мен одан тыс жерлерде сейсмикалық тербелістердің таралу және әлсіреу көрсеткіштері бағаланады."Гульноза Шарафова, ғылым академиясы ақпараттық қызметінің жетекшісі