Ташкентте жоғалып кеткен әйелдің мәйіті лифт ішінен табылды

0
1 307

Мәліметке сәйкес пошташы болып жұмыс істеген 32 жастағы әйел жұмыстан кейін кейін үйіне оралмаған.


Ташкентте жоғалып кеткен әйелдің мәйіті лифт ішінен табылды

ERNUR.KZ. Ташкенттегі жаңа ғимараттардың бірінде лифтінің ішінен әйелдің денесі табылды. Мәлім болғандай әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпарат 26 шілдеде тараған, деп жазады Stan.kz

Мәліметке сәйкес пошташы болып жұмыс істеген 32 жастағы әйел жұмыстан кейін кейін үйіне оралмаған. Ал 26 шілдеде оған іздеу салынды. 28 шілдеде Uzalert еріктілер тобы жоғалған әйелдің мәйіті қаладағы жаңа ғимараттардың бірінде лифт ішінде табылғанын хабарлады.

"Ольганың жаңа ғимараттағы лифтіге кіріп бара жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Белгілі болғандай, лифт ең соңғы қабатта істен шыққан. Үйде тұрғындар аз болғандықтан, лифтінің тұрып қалғанын ешкім елемеген", – дейді еріктілер.

Тексеру барысында үй тұрғындары лифт бірнеше күн бойы ақаулы күйде болғанын және мұндай жағдай бұған дейін жиі орын алғанын түсіндірді.

"Алдын ала медициналық қорытындыға сәйкес, әйел өліміне жүректің ишемиялық ауруы, жедел жүрек-тамыр және тыныс алу қызметінің жеткіліксіздігі себеп болды", – деп хабарлады елдің Бас прокуратурасынан.