Татарстан республикасындағы президенттің лауазымы раис болып өзгертілді.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік Кеңестің отырысында Төралқа республика басшысының атағын өзгертетін заң жобасын енгізді. Бұдан былай ол (раис) деп аталады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Парламент раис араб және басқа да бірқатар шығыс тілдеріндегі президент атағының атауы екенін түсіндірді.
Айта кетейік, Татарстан Ресей Федерациясының құрамына кіреді. Қазіргі президенті - Рустам Минниханов.