Бұл мамандықты алып шыққандар әскери және құқық қорғау органдарында жұмысқа орналаса алады.
Фото: tajmedun.tj
ERNUR.KZ. Тәжікстанның Абуали ибн Сина атындағы мемлекеттік медициналық университетінде әскери дәрігерлерді даярлайтын жаңа факультет ашылды, деп жазады inform.kz.
- Қыркүйек айынан бастап Ұлттық тестілеу орталығы арқылы факультетке 100 үміткер - 80 ұл және 20 қыз қабылдана алады. Оқу ақысы субсидияланады,- деп хабарлады оқу орнының ректоры Мухиддин Нуриддин баспасөз мәслихатында.
Ол бұл мамандықты алып шыққандар әскери және құқық қорғау органдарында жұмысқа орналаса алатынын айтты.
Ректор сонымен қатар факультеттің ашылуы әскери медициналық қолдаудағы кадр тапшылығын толтыруға арналғанын және елдің денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.


