Тәжікстанда 5,6 балдық жер сілкінісі болды

0
453

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 636 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болған.


Тәжікстанда 5,6 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 7 сағат 35 минут 54 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Зілзаланың энергетикалық санаты – 11.8. MPV магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі тіркеліп, оны алматылықтар да сезінді.