Тәжікстанда тағы да 4 балдық жер сілкінді

0
766

23 ақпанда Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді.


Тәжікстанда тағы да 4 балдық жер сілкінді
ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 27 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 9:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.0. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, 23 ақпанда Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді. Сосын тағы да 5,6 балдық жер сілкінді.