Желі қолданушылары табиғи апаттың салдарын бейнелейтін кадрларды жариялауда.
Сурет: kchs.tj
Желі қолданушылары табиғи апаттың салдарын бейнелейтін кадрларды жариялауда.
Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының геофизикалық қызметінің мәліметтері бойынша, 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен сағат 09:24-те ел аумағында жойқын жер сілкінісі тіркелді, оның эпицентрі Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде болды, магнитудасы 5-6 баллды көрсетті.
- Рашт ауданында – 4-5,
- Душанбе қаласында – 3.
Екінші зілзала 12:14-те болды, магнитудасы 4 баллды көрсетті. Ал, үшінші 3 баллдық жер сілкінісі 13:33-те тіркелді.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның тапсырмасы негізінде республикалық комиссия құрылды.
14 сәуір күні таң сәріде Тәжікстан тағы да дүмпулер сезілді. Эпицентрі Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 156 шақырым жерде болды. Магнитудасы 3-4 баллды құрады.
Тәжікстанда 13 сәуірде таңертең болған жер сілкінісін Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше қалалар мен ауылдар тұрғындары да сезді. ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, еліміздің аумағында жер асты дүмпулерінің тербелісі екі-үш балды құрады.