Шакираның Бішкектегі концерті: Қазақстандықтар билет сатып алуда алға шықты

0
178

​Қазақстандықтар Бішкектегі Шакираның концертіне билет сатып алуда көшбасшы атанды.


Шакираның Бішкектегі концерті: Қазақстандықтар билет сатып алуда алға шықты

ERNUR.KZ. Сатылымның алғашқы күнінде Шакираның концертіне 22 елдің тұрғындары билет сатып алды. Ал шетелдік сатып алушылар тізімінде қазақстандықтар көшбасшы болды, деп жазады baq.kz.

Әншінің концертіне сатылымның алғашқы күнінде 13 мыңнан астам билет сатылды.

Сатылымның негізгі бөлігі Қырғызстанға тиесілі – 77,32%. Билеттердің тағы 22,68%-ын басқа елдердің сатып алушылары сатып алды.

Шетелдік сатып алушылар арасында Қазақстан көш бастап тұр:

Қазақстан – 80,01%;

Ресей – 13,08%;

Өзбекстан – 3,8%;

қалған 18 ел – 3,1%.

Жалпы сатылым көлеміндегі Қазақстанның үлесі 18,15%, Ресейдікі – 2,97%, Өзбекстандыкі – 0,86% болды.

Сондай-ақ билеттерді АҚШ, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай, Ұлыбритания және басқа да елдердің сатып алушылары сатып алды.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың қыркүйегінде Энрике Иглесиас Қазақстанға келіп өнер көрсеткен еді. 3 қыркүйекте әнші «Астана Аренада», ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсетті.