Телефон қасыңызда тұрғанда не жайлы сөйлесуге болмайды

0
715

​Адамның сөзін тыңдауға арналған қосымшалар мен бағдарламалар ақпаратты әлеуметтік желілерге ғана емес, алаяқтарға да берілуі мүмкін.


Телефон қасыңызда тұрғанда не жайлы сөйлесуге болмайды

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта ресми түрде жарияланбаса да, заманауи телефондар адамдарды тыңдайтынын бәрі түсінді. Әзірге айтарлықтай қауіпті емес. Алайда ақпаратты жарнама ұсынушылар ғана емес, қылмыскер, алаяқтар да қолдануы мүмкін, деп жазады sputniknews.kz.

"Сондықтан кейбір тақырыптарды телефон қасыңызда болғанда талқыламаған дұрыс. Жеке ақпаратты айтпау керек", - деді "Прайм" агенттігіне B&C коммуникативтік агенттігінің басқарушысы Марк Шерман.

Оның айтуынша, телефонды тәулік бойы тыңдайды деген ақпарат дәлелденбеген. Маман кибер қылмыскерлерге алданып қалмау үшін ақшаға қатысты,жеке мәліметтер туралы мағлұматты айтпау керек деп отыр. Олар банк есепшотындағы қаражатты алып қоюы мүмкін.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік тыңшылық жасалады деген де болжам бар. Сондықтан клиент пен орындаушы маңызды жайттарды телефонмен емес, жеке кездесу кезінде талқылауы тиіс. Бәсекелестер әңгімені тыңдауы мүмкін.