Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Медина қаласын су басты

0
251


Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Медина қаласын су басты

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында толассыз жаңбыр жауып, салдарынан елдегі қасиетті қалалардың бірі Мединаны су басып қалды, деп жазады Stan.kz.




Қала көшелері су астында қалып, инфрақұрылым зардап шекті. Ыстық әрі құрғақ климатқа байланысты қалада суағарлар жоқ. Судың қала көшелеріне жиналуының да себебі сол.

Су қоймаларындағы су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты билік өкілдері жергілікті тұрғындардан жағалаудағы аудандардан алшақ болып, ұзақ жолға шықпауды сұрайды.


Түркияның Анкара қаласында да нөсер жауын мен бұршақ жауып, жергілікті тұрғындарды әлекке салды. Тасқын су қала көшелерін, үйлер мен метро бекеттерін басып қалды. Кейбір жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтады.

Нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше аудан электр қуатынсыз қалды. Бір тәулік ішінде ел астанасындағы муниципалитеттің табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі үйлестіру орталығына бір жарым мыңға жуық өтініш келіп түсті. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.