​Трамп: АҚШ Қытай тауарларына 1 қарашадан бастап 100% баж салығын енгізеді

0
74

Тиісті мәлімдемені Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған.


​Трамп: АҚШ Қытай тауарларына 1 қарашадан бастап 100% баж салығын енгізеді

Фото: ffikretow / istockphoto.com

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға кедендік баж салығын екі есе арттыруды және экспорттық шектеулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады kaz.inform.kz.
Тиісті мәлімдемені Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған.

Оның айтуынша, Қытай 1 қарашадан бастап дерлік барлық өндірілетін өнімге экспорттық бақылау шараларын енгізетінін жариялап, «өте агрессивті ұстаным» танытты. Ол бұл әрекетті «көп жыл бұрын әзірленген жоспардың бір бөлігі» деп атады.

Трамптың мәлімдеуінше, бұған жауап ретінде АҚШ 1 қарашадан бастап немесе Пекиннің әрекеттеріне байланысты одан да ертерек Қытай тауарларына қолданылып отырған баж салығын 100%-ға дейін көтереді, сондай-ақ барлық маңызды бағдарламалық қамтамасыз етуге экспорттық шектеулер енгізеді.