Трамп мәлімдемесінен соң Қытай нарығы құлады

0
1 149

АҚШ президенті Қытай тауарларына баж салығын 25 пайызға көтеруді мәлімдеді.


Трамп мәлімдемесінен соң Қытай нарығы құлады

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп 10 мамырдан бастап қытай тауарларына баж салығын арттыру туралы мәлімдемесі Шанхай мен Шэньчжэньнің қор биржаларындағы негізгі индекстердің құлдырауына әкелді деп жазады 24.kz.

Әсіресе телекоммуникациялық, ақпараттық технологиялар мен өндірістік нарық шығынға батты. Айта кетейік, Трамптың қытай тауарларына баж салығын 25 пайызға дейін көтеру туралы мәлімдемесі осы аптада Вашингтонда өтуі тиіс сауда келіссөздерінің алдында айтылып отыр. Ал Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуанның айтуынша, осы жағдайға қарамастан Аспан асты елінің делегациясы алдағы келіссөздерге дайындық үстінде.

Естеріңізде болса, келіссөздер өткен аптада Бейжің қаласында өткен еді.