Трамп Путиннің Мәскеуде келіссөз өткізу туралы ұсынысынан бас тартқан жоқ

0
109

АҚШ басшысы Аляскадағы келіссөздерді нәтижелі деп атады.


Трамп Путиннің Мәскеуде келіссөз өткізу туралы ұсынысынан бас тартқан жоқ

© Sputnik / Сергей Бобылев

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесінің Мәскеуде кездесу өткізу жөніндегі ұсынысынан бас тартқан жоқ, деп жазады sputnik.kz.
"Өте қызықты ұсыныс. Мүмкін мені сынайтындар табылар, бірақ менің ойымша, бұл әбден мүмкін", – деді ол келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Трамп келіссөздерді нәтижелі деп атап, онда көптеген мәселелер талқыланғанын, олардың кейбірі "шынында да маңызды" болғанын айтты. Алайда Украина бойынша шешімге келе алмағанын мойындады.
"Мақсатқа толық қол жеткізе алмадық. Өкінішке қарай әзірге келісім жоқ",– деп түйіндеді Трамп.
Ол кездесудің қорытындыларын НАТО-ға және басқа да "қажетті көшбасшыларға", соның ішінде Зеленскийге жеткізуге уәде берді, сондай-ақ АҚШ Сыртқы істер министрі Марко Рубио мен арнайы өкіл Стивен Уиткоффқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.