Трамп сондай-ақ Зеленскийге "Томагавк" зымырандарының берілмеуі дұрыс шешім болғанын атап өткен.
фото/ Evan Vucci
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасауға әрекет жасалғаны туралы хабарды естіп, қатты ашуланған. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"АҚШ президенті бұл хабардан (Путиннің резиденциясына жасалған шабуыл туралы – ред.) қатты шошыды, сөздің дәл мағынасында айтқанда, ашу-ызасын келтірді және Украина тарапынан мұндай ессіз әрекеттер болуы мүмкін деп тіпті ойламағанын айтты", – деді ол журналистерге.
Сондай-ақ Трамп Путинмен әңгіме барысында Украинаға "Томагавк" зымырандарының берілмеуі дұрыс шешім болғанын атап өткен.


