Оқиғаға куә болған тұрғындар ер адамды соққыға жыққан.
ERNUR.KZ. Өзбекстанның Үргеніш қаласының тұрғындары кәмелеттік жасқа толмаған қызды ұрламақ болған ер адамды ұстады, деп жазады Stan.kz
Оқиғаға куә болған тұрғындар ер адамды соққыға жыққан. Беті қансыраған адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға орнында екі тәртіп сақшысы наразы тұрғындарды тыныштандыруға тырысуда. Баласы жылап тұрған ана “қызымды ұрлап кетіп, зорламақ болды” деп ер адамды айыптады.
Хорезм облысының ішкі істер департаменті оқиғаның 14 тамызда Үргеніш қаласында болғанын хабарлады.
Жергілікті тұрғындар ер адамды ұстап, кейін тәртіп сақшыларына тапсырды. Видеоға түсірілген азамат 43 жастағы Б.М. 2006 жылдан бері шизофрения диагнозымен психиатриялық диспансерде есепте тұрады. Бір күн бұрын диспансерге түскен.
Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтауда.