Түркия астанасы Анкарада теракт болды

0
379

Қаза тапқандар мен жараланғандар бар.


Түркия астанасы Анкарада теракт болды

Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. Түркия астанасы Анкарада аэроғарыш компаниясының нысанында теракт болды. Жарылыста қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп жазады stan.kz.

Шабуылшылар нысанға бақылау-өткізу пункті арқылы кірмек болған. Алайда қауіпсіздік қызметкерлерімен қарсыласқан. Артынша куәгерлер атыс пен жарылыс дыбысын естіген.

Оқиға орнында арнайы жасақ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.

Түркия ішкі істер министрі Али Йерликая лаңкестік әрекеттің Анкарадағы TUSAŞ (пилотсыз ұшу аппараттары, ұшақтар мен спутниктерді жасайтын түрік аэроғарыш компаниясы) нысандарына қарсы жасалғанын айтты. Оның айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

"TUSAŞ Кахраманказан нысандарына жасалған террорлық шабуылда 2 террорист залалсыздандырылды. Өкінішке орай, шабуылда 3 адам қаза тауып, 14 адам жараланды", – деп мәлімдеді Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға15:30 шамасында болған.

TUSAŞ – Түрік аэроғарыш компаниясы. Компания Түркияның аэроғарыш және жалпы қорғаныс өнеркәсібінде маңызды кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компания Airbus A380 және A400M әскери ұшақтарыны бөлшектерін шығарады.