Қаза тапқандар бар.
Сурет: X/trthaber
ERNUR.KZ. Анкарада көпқабатты үй өртеніп, үш адам, оның ішінде үш айлық сәби қаза тапты, деп жазады zakon.kz.
TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, өрт сөндірушілер қызыл жалынмен төрт сағат бойы күрескен.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде 3,5 айлық нәресте де бар. Өрт сөндірушілер шамамен төрт сағаттан кейінді өртті ауыздықтай алды", - деп хабарлады телеарна.
Салдарынан 39 адам зардап шекті, соның ішінде жеті өрт сөндіруші де бар.
Бұған дейін Түркияның Айдын провинциясында қағаз фабрикасының 46 қызметкері улану белгілері бойынша ауруханаға түскені белгілі.