8-9 мамырда Түркияға қарай ұшақ ұшпайды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Turkish Airlines және Pegasus Airlines 8 мамырда Мәскеу мен Санкт-Петербургтен Анталья, Бодрум, Даламан және Ыстамбұл бағыттарындағы 31 рейсті тоқтатты. Бұл шешім 15 мыңнан астам жолаушыға әсер етуі мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ресейдің Туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мәліметінше, 8 мамырда Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компаниялары Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларынан Түркияның бірнеше қаласына жоспарланған рейстерін тоқтатты.
Turkish Airlines Внуково әуежайынан Анталья, Бодрум, Даламан және Ыстамбұл бағытындағы 20 рейсті орындаудан бас тартты. Pegasus Airlines осы әуежайдан Анталья, Бодрум және Ыстамбұл бағыттарына 4 рейсті тоқтатты. Сонымен қатар Санкт-Петербургтен 7 рейс (Анталья мен Ыстамбұлға) ұшпайтын болды.
АТОР деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Turkish Airlines тек Ыстамбұл рейсін, ал Pegasus Airlines Анталья және бір Ыстамбұл рейсін орындауды жоспарлап отыр. Алайда бұл рейстердің де тоқтауы мүмкін.
«8 және 9 мамыр күндері бұл рейстер де орындалмай қалуы ықтимал. Туроператорлар 8 мамыр күндізгі уақытқа дейін ресми әрі нақты ақпаратты күтіп отыр», – делінген АТОР хабарламасында.
Нарықтағы деректерге сүйенсек, тоқтаған және тоқтауы мүмкін рейстердің кесірінен 15 мыңнан астам жолаушының жоспарлары бұзылуы мүмкін.