Түркия жағалауынан адам денсаулығына қауіпті бактериялар табылды

0
170

Бактериялар тырысқақ, іш өту және ағзаның сусыздануы сияқты ауруларды тудыруы мүмкін.


Түркия жағалауынан адам денсаулығына қауіпті бактериялар табылды

Фото: NA Regnum

ERNUR.KZ. Түркиядағы жағалауларда түрлі аурулар тудыруы мүмкін қауіпті бактериялар анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Milliyet газетінің жазуынша, Түркия жағалауынан адам денсаулығына қауіпті Vibrio бактериялары табылды.

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер барысында бұл бактериялар Мәрмәр, Эгей және Жерорта теңіздерінің жағалауынан анықталған. Олар ластанған теңіз суы арқылы асқазан-ішек жолына түсіп, тырысқақ, іш өту және ағзаның сусыздануы сияқты ауруларды тудыруы мүмкін. Florence Nightingale ауруханасының өкілі Угур Афериннің айтуынша, Түркияда холера сирек кездеседі.

CNN Türk телеарнасы Еуропаның Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (ECDC) ескертуіне сілтеме жасап, Vibrio бактериялары бұрын Балтық және Солтүстік теңіздерінде кездескенін, ал қазір басқа аймақтарда да анықталып жатқанын хабарлады. Сарапшылар теңіз суында сақтық шараларын сақтау керек екенін ескертеді.