Түркияда 3 айда 33 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген

0
864

Ғасыр апаты атанған зілзаладан бері үш ай өтсе де кейінгі дүмпулер әлі басылмай тұр.


Түркияда 3 айда 33 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген

ERNUR.KZ. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше 6-шы ақпан мен 6-шы мамыр аралығында Түркияда 33 мың 77 жер сілкінісі болған, деп жазады Inbusiness.kz.

6-ақпан күні Қахраманмараш қаласының Пазаржык ауданындағы 7,7 және Елбістан ауданындағы 7,6 балдық зілзаладан бүгінге дейін 33 мың 77 жер сілкінісі тіркелген. 11 қаланың қирауына әкеліп соққан апат салдарынан 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Ғалымдар мұны соңғы жүз жылдағы ең үлкен екінші жер сілкінісі деп бағалады.

Сондай-ақ, Түркия мен оның маңайындағы жер сілкінісі апат және төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан аптасына 7 күн, 24 сағат бойы бақыланып отырады.