Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

0
541

Кахраманмарашта 4,7 балдық жер сілкінісі болды.


Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Түркияның Кахраманмараш провинциясында рихтер шкаласы бойынша 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы апаттарды жою басқармасы (AFAD) жариялаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жерасты дүмпулері Гексун ауданында 7 шақырым тереңдікте тіркелді. Кандил ауданында жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болды.

Мамандардың айтуынша, бұл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен кейінгі қайталама дүмпулер болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның басында Түркияның Кахраманмараш провинциясы 7,7 және 7,6 баллдық жойқын жер сілкіністерінің ортасында болды. Осыдан кейін аймақта жаңа жер сілкінісі қайталанды, бірақ магнитудасы төмен болған еді.