Түркияда кредитке алынған ақшаға валюта мен алтын алуға рұқсат жоқ

0
660

Еске сала кетейік, бірнеше аптадан бері құлдыраған түрік лирасы Ердоғанның жаңа экономикалық бағдарламасынан кейін бірер сағатта 30 проценттен астам қымбаттап, 1 АҚШ долларының құны 18,5-тен 13 лираға төмендеді.


Түркияда кредитке алынған ақшаға валюта мен алтын алуға рұқсат жоқ

ERNUR.KZ. Түркияда несиеге алынған ақшаға шетел валютасы мен алтын сатып алуға рұқсат жоқ, деп жазады 24.kz.

Түркияның банк қызметін реттеу және қадағалау агенттігі осындай шешім қабылдады. Мұндағы мақсат ұлттық валютаның құнын сақтап қалу, тіпті көтеру.

Бұдан бұлай әрбір несие алушы түрік лирасынан тыс инвестицияның басқа түрлеріне, соның ішінде бағалы металдар, акциялар, шетелдік және криптовалюталарды сатып алмайтындығы жөнінде хаттамаға қол қояды. Мұндай міндеттемеге қол қоюдан бас тартқан жағдайда несие берілмейді.

Еске сала кетейік, бірнеше аптадан бері құлдыраған түрік лирасы Ердоғанның жаңа экономикалық бағдарламасынан кейін бірер сағатта 30 проценттен астам қымбаттап, 1 АҚШ долларының құны 18,5-тен 13 лираға төмендеді. Бұған лирамен салынған жинақтарға берілген кепілдік пен экспорттаушы компанияларға жасалған жеңілдік әсер етті.