Теңіз жағалаудан шамамен 20 метрге алыстап, ал қайықтар құрлықта қалып қойған.
Сурет: pexels
ERNUR.KZ. Түркияда Мәрмәр теңізі жағалаудан шамамен 20 метрге дейін тартылды. Бұл табиғи құбылыс 16 желтоқсан, сейсенбі күні тіркелген, деп жазады zakon.kz.
Habertürk телеарнасының мәліметінше, аталған жағдай Текирдаг провинциясына қарасты Мармараэреглиси қаласының тұрғындарын алаңдатқан.
"Теңіз жағалаудан шамамен 20 метрге алыстап, ал қайықтар құрлықта қалып қойған. Тұрғындар бұл құбылысқа алаңдаулы", – делінген телеарна хабарламасында.
Айта кетерлігі, осындай жағдай 2023 жылы да болған. Ол кезде бұл құбылысқа қатысты Кандилли обсерваториясының ғалымдары арнайы түсініктеме берген. Онда ғалымдар мұны атмосфералық қысымның өзгеруінен туындаған метеорологиялық құбылыс деп атап, теңіздің шегінуі жер сілкіністерімен байланысты емес екенін мәлімдеген.


