Түркияда мейрамханада жарылыс болып, 7 адам көз жұмды

0
858

Тағы төрт адам жараланды деген ақпарат бар.


Түркияда мейрамханада жарылыс болып, 7 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Түркияның Айдын провинциясында мейрамханада жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 7 адам қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

"Айдын губернаторы Гусейн Аксой Назилли ауданындағы мейрамханада болған жарылыстан, алдын ала мәліметке сәйкес, 7 адам көз жұмғанын айтты", - деп хабарлайды телеарна.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Негізгі болжам бойынша мейрамханада газ баллоны жарылған", - деді губернатор телеарна эфирінде.
Тағы төрт адам жараланды деген ақпарат бар.