Түркияда су тасқынынан 5 адам қаза тапты

0
468

Адыяман және Шанлыурфа қалаларында су тасқыны болды.


Түркияда су тасқынынан 5 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жақында ғана зілзаладан зардап шеккен аймақтарда енді су тасқыны. Табиғи апат салдарынан Шанлыурфада 4, Адыяманда 1 адам қаза тапты, деп жазады İnbusiness.kz.

Ішкі істер министрінің хабарлауынша қайтыс болғандар арасында бір жарым жастағы бала да бар. Сонымен қатар барлығы 10 адам жоғалып кетті. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ министр Сойлу бірнеше күннен бері ескерту жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Ал метеорология жөніндегі кеңесші Орхан Шен бүгін ең қауіпті күн екенін ескертті. Метеорология күтілетін нөсер жаңбырға байланысты Адыяман, Диярбакыр, Элазыг, Малатья, Мардин және Шанлыурфаға қызғылт сары түсті ескерту жасады.