Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: 8 адам қаза тапты

0
84

20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.


Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: 8 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп жазады baq.kz.

Оқыс оқиға Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында болды. Turknws мәліметінше, жолаушылар автобусы, жүк көлігі және жеңіл көлік қақтығысқан. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен автобустың жеті жолаушысы қаза тапты (бесеуі – оқиға орнында, үшеуі – ауруханада), 20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Жол апаты жүк көлігі аударылып кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткеннен кейін болғаны атап өтілді.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.