Ол қираған ғимараттың астынан құтқарушылар алып шыққаннан кейін көз жұмған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған 6,1 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая 81 жастағы тұрғынның қазасын растады. Ол қираған ғимараттың астынан құтқарушылар алып шыққаннан кейін көз жұмған.
Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 79 техника жұмылдырылған.
Еске салайық, 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те Түркияның батысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның ошағы Балыкесир провинциясындағы Сындыргы ауданында орналасқан. Жерасты дүмпуінің тереңдігі шамамен 11 шақырымды құраған.
Аталған аймақта 20 афтершок (кейінгі дүмпулер) тіркелді.