Түркияда жол апаты болып, 15 турист зардап шекті

0
71

Алдын ала мәлімет бойынша, туристік автобус бір бағытта келе жатқан шағын автобуспен соқтығысқан.


Түркияда жол апаты болып, 15 турист зардап шекті

Фото: IHA порталынан

ERNUR.KZ. Түркияның Аланья қаласында туристік автобус пен шағын жолаушылар автобусы соқтығысып, 15 адам зардап шекті, деп жазады stan.kz.

Жол апаты таңғы сағат тоғыз шамасында Конаклы ауданы маңындағы тасжолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, туристік автобус бір бағытта келе жатқан шағын автобуспен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 15 адам жарақат алды. Оның екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.