​Түркиядағы 17 жеке университетте медицина факультеті жабылуы мүмкін

0
126

Түркияның жоғары білім туралы заңына сәйкес, медициналық факультеттері бар барлық жеке университеттер кем дегенде 200 төсектік өз емханасын құруға немесе сатып алуға міндетті.


​Түркиядағы 17 жеке университетте медицина факультеті жабылуы мүмкін

Фото: mio.ankaramedipol.edu.tr

ERNUR.KZ. Түркияда жекеменшік университеттердегі медициналық факультеттердің жұмысына қатысты сыни жағдай туындады, деп жазады inform.kz.

t24 түрік басылымының хабарлауынша, 17 жекеменшік университеттің медициналық факультеттері өз емханасының болуы туралы міндетті заң талабын әлі орындамағандықтан жабылуы мүмкін. Мүмкіндік мерзімі осы жылдың 16 қазанында аяқталады.

Түркияның жоғары білім туралы заңына сәйкес, медициналық факультеттері бар барлық жеке университеттер кем дегенде 200 төсектік өз емханасын құруға немесе сатып алуға міндетті.
Белгілі болғандай, бұл университеттерге бұл талапты орындау үшін 2020 жылы басталып, осы аптада аяқталатын бес жылдық мерзім берілген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, медициналық факультеттері бар жұмыс істеп тұрған 32 жекеменшік университеттің 17-сі бұл талапты орындай алмаған.
Белгіленген мерзімде жаңа заңнама немесе кейінге қалдыру қабылданбаса, Түркия Білім беру Жоғарғы Кеңесі (YÖK) 17 университеттің медициналық факультеттерін жауып, студенттерін басқа оқу орындарына ауыстырады.
Жабылатын факультеттер тізімінде қазақстандық білім нарығында танымал Анкара Медипол университетінің (Ankara Medipol Üniversitesi) Медицина факультеті бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның 100 студенті Аризона дипломын Қазақстанда алатынын жазған едік.