Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды

0
639

Оқиға кеше, 15 қараша күні түнде Ыстанбұлдағы Фатих ауданында орын алған болатын.


Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды

ERNUR.KZ. Ыстанбұлда орын алған екінші жарылыстың себебі анықталды, деп жазады baq.kz.

Sozcu газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, қаладағы орталық аудандардың бірінде өртке оранған көлік салдарынан орын алған жарылысқа техникалық ақаулық себеп болған.

Мен көлікте келе жатқанда дизель отынының иісін сездім. Одан соң банкоматтан ақша алайын деп тоқтадым. Осы уақытта көлік жанып, жалын көрші машиналарды шарпыды, - дейді көліктің иесі басылымға берген сұхбатында.

Өрт банкомат пен жақын орналасқан ғимаратқа да тараған.

Белгілі болғандай, полиция мен өрт сөндірушілер оқиға орнынан теракт немесе қасақана өртеудің деректерін таппаған.

Еске сала кетейік, оқиға кеше, 15 қараша күні түнде Ыстанбұлдағы Фатих ауданында орын алған болатын. Коджа Мустафапаша көшесінде автокөлік өртке оранып, салдарынан бірнеше көлік жанды. Сондай-ақ артынша көліктер жарылды.