Әйел сондай-ақ Таксим алаңында бомба салынған пакетті біреу бергенін айтты.
ERNUR.KZ. Түркияның Haberler газеті Ыстамбұлдағы терактіге қатысты тың мәліметтер жариялады, деп жазады zakon.kz.
Шабуыл жасаған күдіктінің аты Ахлам Альбашир. 23 жастағы Ахлам Альбашир Сирия азаматы болып шықты.
Түркияның Haberler газетінің хабарлауынша, жауап алу кезінде ол лаңкестік әрекет жасауға бұйрық Сириямен шекаралас Кобани қаласынан келгенін мойындаған.
Әйел сондай-ақ Таксим алаңында бомба салынған пакетті біреу бергенін айтты.
Оның айтуынша, ақша мен алтынды оған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері Грекияға заңсыз баруы үшін берген.
15 қарашада haberturk басылымы Әділет министрі Бекир Боздагқа сілтеме жасап, шабуылдан кейін ұсталғандар саны 50 адамға жеткенін хабарлады. Қазірдің өзінде ауруханалардан шығарылған жаралылар саны 58 адам болды. 23 зардап шегуші әлі ем қабылдап жатып, оның алтауы жансақтау бөлімінде.
13 қараша күні кешке Ыстамбұлдың орталығында жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 81 адам зардап шекті, алтауы қайтыс болды. Шабуылда тротил бомбасы қолданылды.