Түркиядағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

0
446

Коджаэли қалалық муниципалитетінің мэрі Тахир Бююкакынның мәлімдеуінше, жарылыс жоспарланған жаттығу кезінде болған.


Түркиядағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Фото: Yeni Şafak видеосынан алынған кадр

ERNUR.KZ. Түркияның Измитте орналасқан ең ірі мұнай өңдеу зауыты TÜPRAŞ-да күшті жарылыс болды, деп жазады inform.kz.

Коджаэли қалалық муниципалитетінің мэрі Тахир Бююкакынның мәлімдеуінше, жарылыс жоспарланған жаттығу кезінде болған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жарылыстан кейін зауыт аумағынан өрт шықты. Билік мәліметінше, ол тез арада ауыздықталып, бақылауға алынды.

Қазіргі кезде зауыт мамандары мен қауіпсіздік қызметі болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жарылыстың нақты себебін анықтап жатыр. Зауыттағы жағдай қалыпқа келтірілді, кәсіпорын жұмысы штаттық режимде жалғасады.

Еске салсақ, 22 қазанда Түркияның Коджаэли провинциясында орналасқан Гебзе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде табиғи газ жарылды. Оқиға салдарынан жеті адам зардап шекті, олардың үшеуінің жағдайы ауыр.

Жарылыс ғимаратқа айтарлықтай зиян келтірді, үйдің бір бөлігі толық дерлік қирап қалған.