Түркияның батысында орман өртеніп жатыр

0
156

Өрт біртіндеп елді мекендерге жақындап келеді.


Түркияның батысында орман өртеніп жатыр

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Түркияның батыс аймақтарында орман өрттері өршіп, ошақтарының саны артып келеді, деп жазады BAQ.KZ.


Haber Global мәліметінше, Чанаккале провинциясында орман өрттері тоқтамай тұр. Кумкёй, Йолагзы, Караинбейли, Бююк Анафарталар және Кючюк Анафарталар ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт біртіндеп елді мекендерге жақындап келеді. Оны сөндіруге 12 тікұшақ, 12 ұшақ, техникалық құралдар және 560 адам жұмылдырылған. Алайда қатты жел өртті ауыздықтауға кедергі келтіруде. Дегенмен, сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өңір губернаторы Өмер Тораманның айтуынша, табиғи апат салдарынан Гелиболу ауданындағы Эджеабат пен Йолагзы ауылдарының тұрғындары да эвакуацияланған.