Түркияның Ескишехир аймағындағы орман өртінен 11 адам қаза тапты

0
167

Тағы бірнеше адамның денесін күйік шалған.


Түркияның Ескишехир аймағындағы орман өртінен 11 адам қаза тапты

фото: peky.com

ERNUR.KZ. Алапат өртпен күресіп жатқан орман қызметкерлері мен құтқарушылар қызыл жалынның ортасында қалып қойған, деп жазады inbusiness.kz.

Өрт кезінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп, жел тұрған. Елде маусым айынан бері 1500-ден астам өрт тіркелген. Оның 600-ден астамы орман алқаптарында болды.

Қазір Түркияның 7 аймағында орман өрттерімен күрес жалғасып жатыр. Түркия ауыл шаруашылығы және орман министрлігінің хабарлауынша, Ескишехирде басталып, Афионкарахисарға дейін жалғасқан орман өртінде 19 орман қызметкері мен 5 құтқарушы от ішінде қалып қойған. 11 кісі қаза тапты. Қалған 14 адам ауруханада ем қабылдап жатыр.