Түркияның Малатия провинциясында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

0
78

Жер сілкінісінің эпицентрі 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан.


Түркияның Малатия провинциясында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: hurriyet.com.tr

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Түркияның Малатия провинциясының Батталгази ауданында 5 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан, деп жазады inform.kz.

Түркияның Апаттарды алдын алу басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:20-да тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан.