Бұл өзгеріс 22 қарашадан бастап енгізіледі.
ERNUR.KZ. Twitter әлеуметтік желісі саясат тақырыбындағы жарнамалардың барлығына тыйым салуды шешті. Бұл туралы Twitter басшысы Джек Дорси мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz.
"Біз әлем бойынша Twitter әлеуметтік желісінде саяси жарнамаларды тоқтату туралы шешім қабылдадық. Саяси сипаттағы мәлімдемелер сатылмауы тиіс, керісінше ол үшін ақша алуы тиіс", - деп жазды Джек Дорси.
Әлеуметтік желі басшысының айтуынша, бұл өзгеріс 22 қарашадан бастап енгізіледі.