Украина әскері Ресейдің 1000 шаршы шақырым жерін алды

0
260

Украина Қарулы күштері Белгород облысына да қарқынды шабуылды бастап кетті.


Украина әскері Ресейдің 1000 шаршы шақырым жерін алды

ERNUR.KZ. Украина әскері Ресейдің Курск пен Белгород облыстарына шабуылы кезінде қарамағына мың шаршы шақырым жерді алды, деп жазады ulysmedia.kz.

Украина Қарулы күштері Белгород облысына да қарқынды шабуылды бастап кетті.

Олар Белгород облысының Колотиловка елді мекені ауданында орналасқан Ресей әскерлерінің қорғаныс құрылымдарына шабуыл жасады.

УКРАИНАНЫҢ ҚАРАМАҒЫНА КУРСК ОБЛЫСЫНЫҢ 28 СЕЛОСЫ ӨТТІ

Украина Қарулы күштерінің ұлты орыс бас қолбасшысы Александр Сырский Украина әскерінің Курскі облысының аумағына 40 шақырымға дейін тереңдеп еніп, өз бақылауына 1000 шаршы шақырымға дейінгі жерді алып, 28 елді мекенді өз қарамағына алғанын айтты.

Қазір Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украина Қарулы күштері шабуыл жасауға тағы резервті шоғырландырып жатыр. Бұл резерв Сумы облысының Покровка елді мекенінде қорғанысты жарып өту сәтті аяқталған жағдайда ұрысқа қосыла кетуге сақадай сай дайын тұр. Украина Қарулы күштерінің көрші учаскедегі екінші тобы Прилесье елді мекені бағытымен соғыс алаңына қарай жылжуға әрекет етеді.

БЕЛГОРОД ОБЛЫСЫНЫҢ БІР АУДАНЫ ТОЛЫҚ ҚОРШАУҒА АЛЫНДЫ

Украина әскерінің шабуылы Белгород облысының Краснояруж ауданы тұсындағы шекарасы белдеуінде де байқалып отыр. Кеше және оның аоғы күні облыс губернаторы Вячеслав Гладков мұнда да көп ұзамай қиян-кескі ұрыстардың болатынын айтып, халықты қауіпсіз жерге көшірелетінін мәлімдеді. Ал осы кезде Украина әскері біртіндеп облыс аумағына кірген болатын. Ресей осы жағдайды тиімді пайдаланып, Краснояруж ауданын түгелімен қоршауды қолға алды. Қазір ауданда халықтың кіріп-шығуы, жүріс-тұрысы тоқтатылды.

Қазір онда Украинаның шағын әскери топтары мең Ресей әскері ғана бар. Аудан халқы эвакуацияланды. Мал-жан, үй-жай түгел сонда қалды.

Кеше Украина Қарулы Күштерінің Ресейге шабуылынан кейін Белгород облысының халқы жаппай қауіпсіз жерге көшіріпіл жатыр деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат расқа айналды.